Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 15 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты
Жоспарыңыз жүзеге аспай, келіссөздер өз күшін жояды. Сенім артқан жандар уәдесінде тұрмауы мүмкін. Біраз шаруаңызды кейінге қалдыруға тура келеді.  

Торпақ
Сабыр сақтау қиынға соғады. Болмашыға бола ашу шақырып, жүйкеңізді жұқартасыз. Эмоцияға беріліп кейін өкінетін іске бармаңыз. Түстен кейінгі уақытта қызықты идеялар келеді. Бірақ дәл қазіргі уақытта оны жүзеге асыру мүмкін емес.

Егіздер
Бүгін барлық шаруаны дөңгелетіп алып кетесіз. Бойыңызда күш-қуатыңыз тасып, ең қиын, маңызды деген істі қолға алатын боласыз. Сіз ешқашан ешкімнен көмек күткен емессіз. Бүгін де ешкімнің көмек қолына зәру емессіз.

Шаян
Күннің бастапқы бөлігі қиын және қарама-қайшылыққа толы болмақ. Өзгелер үшін жауапкершілік жүгін арқалағыңыз келмейді. Айналаңыздағыларға сенімсіздік танытасыз. Түстен кейін жағымды жаңалық естейсіз.  

Арыстан
Табандылық танытсаңыз, біраз жетістікке қол жеткізесіз. Бұрын ойға алған жоспарларды қайта қолға алуға тура келеді. Бүгін ойыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік туып тұр. Бүгінгі күн сіз үшін сәтті болмақ.

Бикеш
Алдыңызға қандай мақсат қойсаңыз да оған жету жолында аянбай еңбек ету керектігін естен шығармаңыз. Еңбек етіңіз, сонда ғана арманыңызға жете аласыз. Жоспарларыңыз жайында сыр бөліспеңіз.

Таразы
Жемісті күн. Жаңа іс бастауға қолайлы күн болмақ. Сауда ісінде жолыңыз болады. Қиын істі болмасын оңай игеріп, жаңа серіктестер тауып, мол пайдаға кенелетін боласыз

Скорпион
Түске дейінгі уақытыңыз сәтті өтеді. Кез келген шаруаны қолға алыңыз. Табысқа жетуге мүмкіндік көп. Бірақ түстен кейін жұмыс шаршатып жібереді. Шаруаларды кейінге қалдыруға болмайды.

Мерген  
Келіспеушіліктер орын алады. Одан қашып құтылу мүмкін емес. Бүгін өз қызығушылықтарыңыз үшін күресуге тура келеді. Өз ісіңіздің дұрыстығын дәлелдеумен әлек боласыз. Жақындарыңызды тыңдаңыз.

Тауешкі
Егер өте сақ болсаңыз, күніңіз жақсы өтеді. Тәуекелге бел байлап, күмәнды жобаларға қатысудың қажеті жоқ. Айлаңызды асырамын деген ойдан да аулақ болыңыз. Бүгін тек күнделікті шаруамен ғана айналысқан жөн.

Суқұйғыш
Кез келген кездесуге барсаңыз, жолыңыз болып, пайдалы ақпарат алып қайтасыз. Кез келген адаммен тез тіл табысып, оларды өзіңізге баурап аласыз. Өзіңізге қажетті ақпараттарды есте сақтап, пайдаңызға жарататын боласыз.

Балықтар
Күніңіз сәтті өтеді. Түске дейін өзіңізге де, өзгелерге де пайдалы іс жасайсыз. Қиын жағдайда қалған жандарға көмек көрсете аласыз. Сондай-ақ бүгін жақындарыңызбен пікірлесу қуаныш сыйлайды.
15 қазан 2019 ж. 568 0

Ұқсас жаңалықтар:

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930