Қазақстанның бес өңірінде минус 3 градусқа дейін үсік жүреді
«Қазгидромет» РМК 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. Тек республиканың батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман, жел күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақтан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан обысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау облыстарында, Қарағандының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облыстарының оңтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облылыстарында түнде минус 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.