Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа температурасы 35 градусқа жету мүмкін

Ауа температурасы 35 градусқа жету мүмкін

Қытымыр қыстың қатқыл суығы енді ғана байқала бастағандай. Аялдамадағылардың дегбірі қашып, көшеде жүргендер көлік тоқтата алмай әлек. Еліміздің басқа аймақтарына қарағанда қыз мезгілі жылырақ болатын Қазалыдағы аяздың қарқыны бет қаратпайды. Осыған байланысты ауданымызда орын алып жатырған жағдайларға тоқталып кеткенді жөн көрдік.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, аяздың алқымнан алар сәті алда көрінеді. 26-29 қаңтар аралығында Қызылорда облысы бойынша ауа температурасы 15-20, кей жерлерде тіпті 35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Осы жағдайларды ескере отырып, Қазалы ауданы төтенше жағдай бөлімінің басшысы Ө.Сақтабаев тұрғындарды аңға, балыққа, сонымен қатар, мүмкіндігінше алыс жерлерге сапарға шықпауға шақырады.
Жыл сайын осындай аяз күндері діттеген жеріне жете алмай денесін үсік шалған адамдардың аурухана кезегіндегі қарасы қалың болатын. Осы орайда, аяздан азап шеккен азаматтар туралы аудандық ауруханадан мәліметтер сұрастырғанбыз. Бір қуанарлығы, ауруханаға суықтан сырқат тауып түскендер жоқ. Десек те, алдағы күндері температура одан әрі төмендейтінін естен шығармағанымыз абзал.
«Ананың көңілі – балада» демекші, ата-аналар бұл күндері мектепке баратын балалары үшін алаңдаулы. Себебі, білім ордасына алыстан қатынайтын оқушылар беті-қолын үсіріп алады ма деп қорқады. Бұл сұрақты білім бөлімінің басшысы Бектұр Асанханұлына жолдаған болатынбыз. Ауданның бас педагогының айтуынша, 25 қаңтар күні ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты бастауыш сынып оқушылары сабақтан босатылды. Алдағы күндері аяздың деңгейіне қарап қай сыныпқа дейін сабақ болмайтындығы туралы мектеп директорлары мен ата-аналарға алдын-ала хабарланатынын айтты.
Аудан тұрғындары көліктерін де оталдыра алмай әлек болуда. Халықты барар жеріне жеткізіп, қызмет етіп жүрген такси жүргізушісі Шәймерден Зинадиннің айтуынша, аяздың әкелген зардабы тек бұл ғана емес. «Түнімен салқында оталмай тұрған көліктің «автолы» таңертең мұз болып қатып қалады. Оталмайды. Оны ерітемін деп жүргізушілердің көбі көліктің астына от қояды. Соның салдарынан көлігін өртеп алғандар да бар. Сақтанбасақ болмайды», – дейді Шәймерден аға.
Бірнеше күннен бері сына қоймаған бұл аяз бізді әрқилы жағдайларға куәгер етуде. Еліміздің солтүстік, батыс бөлігінің күрт суытып кетуі адамгершілікке де сынақ болғандай. Бір жерде көлік жүргізушілері жолақыны жоғарылатып жіберсе, жылы жүректі жандар жүргіншілерге ыстық шай беріп, жолаушыларды тегін тасуда. Түптеп келгенде, жамағатқа жасалынып жатырған жақсы істердің барлығы қазақылығымызды айқын көрінісі. Сондықтан, алдағы аяз күндері ауданымыздың темір тұлпар мінген азаматтары жаураған тұрғындар мен оқушыларды жолай жеткізіп тастап, адамгершілік пен ұлтжандылықты басқаларға да үлгі етсе екен деген ойымыз бар. Аязды күнде абай болайық!
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ.
25 қаңтар 2018 ж. 1 746 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930