Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Жеріміз арқылы 5 теміржол дәлізі өтеді“ - Тоқаев

“Жеріміз арқылы 5 теміржол дәлізі өтеді“ - Тоқаев

Фото: Midjourney
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан арқылы әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашатын 5 теміржол дәлізі өтетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, "Достық-Мойынты" теміржолының екінші желісі - Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы, еліміз үшін айрықша стратегиялық маңызы бар жоба.
"Жұмысшыларымыз үш жылға жуық уақыт бойы күні-түні табанды еңбек етті. Осындай белсенді жұмыстың арқасында теміржол мерзімінен бұрын іске қосылмақ. Мұны шын мәнінде тарихи сәт деуге болады. Бұл – баршаңызға ортақ қажырлы еңбектің жемісі. Бәріңізді шын жүректен құттықтаймын! Зор ризашылығымды білдіремін. Жаңа жол жүк тасымалының көлемін 5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, экспорттық тауарларды жеткізу уақытын қысқартып, транзиттік әлеуетімізді күшейте түседі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент еліміз бүгінде Еуразиядағы басты транзит хабының біріне айналғанын атап өтті.
"Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты жалғап тұр. Жеріміз арқылы 5 теміржол дәлізі өтеді. Оның бәрі әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашады. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән береміз. Кейінгі он жылда осы салаға шамамен 35 миллиард доллар инвестиция салынды. Мен халыққа жолдауымда бірқатар жобаны уақтылы жүзеге асыру туралы нақты тапсырма бердім. Алдағы уақытта 5 мың шақырым теміржол салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 11 мың шақырым теміржол жөнделеді. Қазір "Мойынты – Қызылжар" теміржолы салынып жатыр. Қызылжар станциясынан Ақтау портына дейінгі учаскелер жаңғыртылады. Бұл бағдар – Транскаспий халықаралық көлік бағдарының басты бөлігі. Мұның бәрі Еуропа пен Азияның арасын жалғап, Транс-Қазақстан теміржол бағытының, яғни Орта дәліздің қарқынды дамуына ықпал етеді. Жалпы бәсекеге қабілетті ел болу үшін экономикамыздың мейлінше қуатты болуына баса назар аударуымыз керек. Бұл ретте көлік-логистика саласының орны бөлек. Сондықтан Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру негізгі басымдықтың бірі болып қала бермек. Теміржол саласының алдында тұрған міндеттер айқын", – деді Президент.

30 қыркүйек 2025 ж. 71 0

Тірек ауылдарға тың серпін

30 қыркүйек 2025 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930