Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мобильді аударым бойынша жаңа шекті мөлшер енгізілуі мүмкін

Қазақстанда мобильді аударым бойынша жаңа шекті мөлшер енгізілуі мүмкін

Қазақстанда мобильді аударым бойынша жаңа шекті мөлшер енгізілуі мүмкінФото: Midjourney
Қазақстанда банкаралық мобильді төлем жүйесіндегі бір операцияның шекті мөлшерін екі есеге, яғни 500 мың теңгеден бір миллион теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Өзгеріс қазанда күшіне енуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Ұлттық төлем корпорациясының басқарма төрағасы Бинұр Жәленов мәлімдеді.
Бинұр Жәленовтің айтуынша, 19 шілдеде іске қосылған, "бірыңғай QR" деп аталатын банкаралық мобильді төлем жүйесі туралы сөз болып отыр. Ол тек QR код арқылы төлем жасап қоймай, әртүрлі банк арасында телефон нөмірі арқылы ақша аударуға мүмкіндік береді.
"Жоба жария талқылауға шығарылды. Бір транзакцияның шекті мөлшерін 500 мыңнан миллион теңгеге дейін арттыру ұсынылды. Құжат қабылданса, жаңа ережелер қазанға қарай іске қосылуы мүмкін", - деді ол.
Бір миллион теңге деген шек бір транзакцияға қатысты. Сондай-ақ, банктер ішкі қатерге байланысты аударымдарға өз шектеуін қалдыра алады. Бұдан бөлек, пайдаланушылардың өздері де мобильді банк қосымшасында шекті мөлшер белгілей алады.

15 қыркүйек 2026 ж. 14 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930