Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» бүгін, 7 қыркүйекте Қазақстанның барлық 17 облысында дауылды ескерту жариялады.
Еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды
фото: www.istockphoto.com
Еліміздің бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл мен екпінді жел күтіледі. Кей аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Маңғыстау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысында қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болжанады. Жел екпіні кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ақтауда да жаңбыр, найзағай және күшті жел күтіледі.
Атырау облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл болжанады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Батыс Қазақстан облысында да кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі.
Қызылорда облысының орталығы мен солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе облысында екпінді желмен қатар күндіз ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі.
Ұлытау, Қарағанды, Жетісу, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аумағында жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Сонымен қатар Алматы, Атырау, Маңғыстау, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай және басқа да бірқатар облыста жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.
07 қыркүйек 2026 ж. 29 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930