Алда күн жылынады
Фото: depositphotos.comҚазгидромет 3, 4, 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қай өңірлерде салқын болады?
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық қысым жоғарылап, бұлтты болады. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды. Алайда солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде салқын болады.
Солтүстік-шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттар әсерінен кейбір жерлерде найзағай ойнап, аз уақыт жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте +28…+33 градус;
солтүстікте, шығыста және орталықта +23…+30 градус;
оңтүстік-шығыста +20…+27 градус, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10…+15 градус болады.












