Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Артық салмақ жолды бүлдіріп, жөндеу шығынын арттырады – «ҚазАвтоЖол» ескерту жасады

Артық салмақ жолды бүлдіріп, жөндеу шығынын арттырады – «ҚазАвтоЖол» ескерту жасады

Фото: freepik.com
Республикалық маңызы бар А-15 «Жызақ – Гагарин – Жетісай – Киров – Сарыағаш – Жібек жолы» автомобиль жолы Түркістан облысындағы көлік қозғалысы ең қарқынды бағыттардың бірі, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.
Трассаның жекелеген учаскелерімен тәулігіне 15 мыңнан астам жүк көлігі жүреді. Компания мәліметінше, мұндай жоғары көлік ағыны жағдайында тасымалдаушылардың белгіленген жалпы салмақ пен осьтік жүктеме талаптарын сақтауы ерекше маңызға ие.
«Автокөлік жолының құрылымы нормативтік жүктемелер ескеріле отырып жобаланады. Алайда рұқсат етілген жалпы салмақтан немесе оське түсетін жүктемеден асатын ауыр жүк көліктері жол жамылғысына шамадан тыс күш түсіріп, оның мерзімінен бұрын тозуына әкеледі. Артық жүкпен тұрақты қозғалу салдарынан жолда ойық, ығысулар мен асфальтбетон жамылғысының деформациялары пайда болады. Уақыт өте келе мұндай ақаулар жол төсемінің бірнеше қабатының бұзылуына дейін жеткізуі мүмкін», - делінген хабарламада.
А-15 автожолының жекелеген учаскелерінде 2023–2025 жылдары жалпы ұзындығы 47,8 шақырым орташа жөндеумен қамтылды. Қазіргі уақытта жол жамылғысында анықталған ақаулар кепілдік міндеттемелері аясында жойылып жатыр. Дегенмен белгіленген салмақ талаптарын бұзған көліктердің қозғалысы жалғаса берсе, жол жамылғысын қайта-қайта қалпына келтіру мәселенің түбегейлі шешімі бола алмайды.
«Артық жүктің салдары жол қозғалысына қатысушылардың барлығына әсер етеді. Жол жамылғысының мерзімінен бұрын бұзылуы жөндеуаралық мерзімді қысқартып, оны қалпына келтіруге қосымша шығынды талап етеді. Ал жолда ойықтар мен өзге де деформациялардың пайда болуы қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Түптеп келгенде, шамадан тыс жүк тиелген көліктердің жолға келтіретін залалы тек жол саласының ғана емес, осы бағытпен күн сайын жүретін мыңдаған жүргізушінің ортақ мәселесіне айналады», - деп хабарлады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүк тасымалдаушылар мен ауыр жүк көлігі иелерін белгіленген салмақ және осьтік жүктеме нормаларын қатаң сақтауға шақырады. Бір рейсте көбірек жүк тасымалдау автокөлік жолдарының сақталуы мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі есебінен жүзеге асырылмауға тиіс. Рұқсат етілген жүктеме талаптарын сақтау – жол инфрақұрылымын сақтауға және оның қызмет ету мерзімін ұзартуға қосылған үлес болып табылады.
Еске салсақ, оқу жылының басталуына байланысты ҚазАвтоЖол жүргізушілерді жолда барынша мұқият болуға шақырды.

«ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі
02 қыркүйек 2026 ж. 33 0

Алда күн жылынады

02 қыркүйек 2026 ж. 14

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930