Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірыңғай медициналық экожүйе: ДСМ 23 ақпараттық жүйені интеграциялады

Бірыңғай медициналық экожүйе: ДСМ 23 ақпараттық жүйені интеграциялады

Фото: freepik.com
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет 23 бөлек мемлекеттік ақпараттық жүйені 7 цифрлық экожүйеге біріктірді. Оның 5-еуі пайдалануға беріліп, іске қосылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл деректерді үздіксіз алмасуды қамтамасыз етуге, медициналық қызметтің сапасын арттыруға және дәрігерлерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде медициналық деректер қолжетімді болып, процестер жүйенің барлық қатысушысы үшін жылдам әрі ыңғайлы бола түседі. Медициналық деректерді интеграциялау қағидаты бойынша бүгінде Қазақстан Түркия, Финляндия, Эстония және Сингапур тәжірибесімен салыстыруға келеді» делінген хабарламада.
Денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық контурында 20 миллион пациенттің цифрлық бейіні қолжетімді. Оның ішінде денсаулық паспорты 100% цифрландырылған 7 миллион бала, 173 мың жүкті әйел және диспансерлік есепте тұрған 3,7 миллион азамат бар.
Медициналық деректердің бірыңғай қоймасына 12 жекеменшік медициналық ақпараттық жүйе қосылды. Барлық компонент 50-ден астам мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған. Қоймада 2012 жылдан бергі кезеңді қамтитын шамамен 1,5 петабайт медициналық дерек жинақталған.
Бірыңғай экожүйені құрудың басты артықшылығы – пациентке бір ақпаратты әр жолы қайта хабарлаудың қажеті болмайды. Мәліметтер оған бір рет енгізіліп, тұрақты түрде бекітіледі.
02 қыркүйек 2026 ж. 202 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031