Қазақстанда доллар 458 теңгеге дейін арзандады
Қазақстан Ұлттық банкінің 1 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы жарияланды

Фото: freepik.com
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 458,45 теңгені құрады. Ұлттық валюта бір күнде 3,12 теңгеге нығайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 1 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы 462,31 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазір Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 458,21 теңге, сату бағамы 460,27 теңге болып отыр.
Астанада айырбастау пунктері долларды орта есеппен 456 теңгеден сатып алып, 463 теңгеден сатып жатыр.
Шымкентте доллардың орташа сатып алу бағамы – 458,44 теңге, ал сату бағамы 460,54 теңгені құрайды.













