Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2027 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшеріне 5 мың теңге қосылмақ

2027 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшеріне 5 мың теңге қосылмақ

Сонымен қатар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет тарапынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударылатын жарнаны ұлғайту ұсынылып отыр.
Фото:
www.istockphoto.com
Қаржы министрлігі "2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын әзірледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құжатқа сәйкес, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап мынадай мөлшерлерді белгілеу ұсынылып отыр:
ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (өзгеріссіз қалады);
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 693 теңге (2026 жылы – 4 325 теңге);
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 38 622 теңге (2026 жылы – 35 596 теңге);
зейнетақының ең төменгі мөлшері – 74 919 теңге (2026 жылы – 69 049 теңге);
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 55 173 теңге (2026 жылы – 50 851 теңге).
Заң жобасында жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға арттыру ескерілген.
Сонымен қатар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет тарапынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударылатын жарнаны ұлғайту ұсынылып отыр. Оның мөлшері жарнаны есептеу объектісінің 2,2%-ын құрайды. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 2% болып отыр.
Заң жобасы қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында 5 қыркүйекке дейін тұрады.
01 қыркүйек 2026 ж. 59 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930