Жаздың соңғы күнінде алғашқы қар түсіп, үсік жүруі мүмкін

Жаздың соңғы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстігі мен шығысында түнгі уақытта жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Тек республиканың батысында күн ашық болады. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі.
Астана - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 3-5 жылы, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз 13-15 жылы.
Алматы - күн бұлтты, күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Шымкент - күн бұлтты, жауын-шашынсыз.
Ақмола облысы - күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі.
Алматы облысы - түнде облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады.
Түркістан облысы - күндіз таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 18-23, таулы аудандарда 15, күндіз 31-36, таулы аудандарда 28 жылы. Түркістан - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 31-33 жылы.
Батыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 13 жылы, күндіз 22-27 жылы. Орал - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 22-24 жылы.
Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 23-28 жылы. Атырау - ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 24-26 жылы.
Маңғыстау облысы - облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 25-30, облыстың оңтүстігінде 35 жылы. Ақтау - күн бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 жылы.
Ақтөбе облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігі мен шығысында 12 жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус үсік жүреді, күндіз 15-20, оңтүстік пен батыста 24 жылы. Ақтөбе - ашық. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 18-20 жылы.
Қостанай облысы - түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы мокрый қарға ұласуы мүмкін), күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың оңтүстігінде 8 жылы, батыс пен солтүстікте 2 градус үсік жүреді, күндіз 12-17, оңтүстікте 20 жылы. Қостанай - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 1-3 жылы, топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, күндіз 13-15 жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік жүреді, күндіз 10-15 градус жылы. Петропавл - ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 0-2 жылы, топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, күндіз 11-13 градус жылы.
Павлодар облысы - түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр Жел солтүстік-батыстан секундсына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 11-16 градус жылы. Павлодар - ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 14-16 градус жылы.
Қарағанды облысы - түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр соңы сулы қарға ұласады), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың оңтүстік-шығысында 11-16 градус жылы, облыстың солтүстігінде 3 градус үсік жүреді, күндіз 12-17, облыстың шығысында 9, оңтүстігінде 23-28 градус жылы.
Қарағанды - ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 13-15 градус жылы.
Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 13, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 градус жылы.
Жезқазған - ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың оңтүстігінде, орталығында 17, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, орталығында 25-30 градус жылы.
Өскемен - ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 17-19 градус жылы.
Абай облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15, күндіз 12-17, облыстың шығысында, оңтүстігінде 23-28 градус жылы. Семей - бұлтты, жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 12-14 градус жылы.
Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 22-27 градус жылы.
Қызылорда - ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 градус жылы.
Жамбыл облысы - таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың таулы аудандарында 11, күндіз 28-33, облыстың таулы аудандарында 23 градус жылы.
Тараз - ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 29-31 градус жылы.











