Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарих өкпе-ренішпен емес, ұлт мүддесін көздеген шынайы көзқараспен жазылуы тиіс – Тоқаев

Тарих өкпе-ренішпен емес, ұлт мүддесін көздеген шынайы көзқараспен жазылуы тиіс – Тоқаев

Фото: Видеодан скриншот

Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да тарихтағы қайғылы кезеңдерді еске алып, қайғыра бермеуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев ұлттың жадын күмәнді деректермен, бұрмаланған мәліметтермен улауға болмайды деп санайды. Сөзінше, мұндай әрекет өткен күнге деген сенімді, келешекке деген үмітті әлсіретеді.
“Төл тарихымыз бен әдебиетіміз шет-шегі жоқ нәубет пен азапқа толы жылдардың жылнамасы емес. Әрине, біз өз тарихымыздағы қиын-қыстау кезеңдерді ешқашан ұмытпаймыз. Алайда халқымыздың басынан өткен қайғы-қасіретті ұлттық болмысымыздың арқауы етуге болмайды. Себебі ұлт тарихы тек жеңіліс пен сәтсіздіктерден тұрмайды, төл шежіремізде жарқын жеңістер мен жетістіктер аз болған жоқ”, – деді президент. 
Айтуынша, жалпы әлем тарихына, басқа халықтардың тарихымен қатар, өз тарихымызға да үстірт және жеңіл-желпі, біржақты қарауға болмайды.
“Тарих өкпе-ренішпен емес, ұлт мүддесін көздеген шынайы көзқараспен жазылуға тиіс. Бұл – ең алдымен өскелең ұрпақ үшін қажет дүние. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз мұны жақсы түсінеді деп ойлаймын", – деді ол.
Ол ұлттық сана-сезімді қалыптастыру ісіне баса назар аударылса, жұмыс өз жалғасын табатынын айтады. Бұл – ең алдымен, төл шежіремізді тұтас тану және оны жұрт жадында жаңғырту деген сөз.
Тарих – ұлттың темірқазығы, халқымыздың баға жетпес қазынасы. Оны жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді. Жігерімізді жасытып, кешегі күнге өкпе арта берсек, өскелең ұрпаққа қандай тәрбие береміз?! Біздің төл тарихымыз – қазіргі және келешек ұрпақтар мақтан тұтарлық бірегей жылнама. Себебі қазақ халқы – сан түрлі сынақтан, небір нәубеттен аман өтіп, қайсарлығын да, қаһармандығын да паш еткен халық”, – деді Тоқаев.
Айтуынша, санасы сергек, ойы азат ұлт өткен күннен сабақ алады, өткен тарихын биікке көтереді және әрдайым алға ұмтылады. Әсіресе, қазір еліміз жаңа тарихи өрлеу кезеңіне қадам басып жатқан кезде бұл ұстаным айрықша маңызды.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керегін айтқан еді.
28 тамыз 2026 ж. 24 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31