Қазалы » Жаңалықтар » Президент Үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты жарлыққа қол қойды
Президент Үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойды.
Фото: Ақорда
Жарлыққа сәйкес, жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты қазіргі Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.
— Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын, — делінген құжатта.