Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto28 тамызда Алматы, Ақтөбе, Балқаш қалаларында, түнде Атырау, Қарағанды, Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.









