Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау-2026: Шетелде жүрген 228 отандасымыз дауыс берді

Сайлау-2026: Шетелде жүрген 228 отандасымыз дауыс берді

Құрылтай депутаттары сайлауында 11 мыңнан астам отандасымыз шет елде дауыс береді. Қазіргі уақыттың олардың 228-і таңдау жасап үлгерді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов мәлім етті.
— Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауға шетелде жүрген азаматтарымыздың конституциялық құқығын жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 61 мемлекетте 79 сайлау учаскесі құрылды. Тіркелген сайлаушылардың жалпы саны — 11 402 адам. Сағат 08:00–дегі жағдай бойынша шетелде 26 сайлау учаскесі ашылды. Алғашқы болып дауыс беруді Токио мен Сеул қалаларындағы отандастарымыз бастады. Жалпы осы уақытқа дейін сайлау учаскелеріне келіп, дауыс бергендер саны — 228 адам, — деді Арман Исетов.

Сағат 07:00–дегі жағдай бойынша өңірлерде 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Құрылтай сайлауына қатысты барлық жаңалықпен мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар. Елімізде тарихи Құрылтай сайлауында 145 депутаттық мандатқа «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», ҚХП, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» және Respublica — барлығы 7 партиядан 545 кандидат тіркелген.

23 тамыз 2026 ж. 48 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31