Қазақстанның бірнеше өңірінде күзгі ауа райы сезіледі
Pixabay.comСиноптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Жұма, 21 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Елдің солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Шығыста қатты жаңбыр жауады.
Ал батыс өңірлер мен оңтүстік-шығыста аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы +30…+38 °C-қа дейін көтерілсе, Маңғыстау облысының кей аудандарында +41 °C-қа жетеді.
Қостанай облысында күндіз ауа температурасы +20…+30 °C болады. Солтүстік өңірлерде +17…+28 °C, орталық және шығыс облыстарда +17…+30 °C аралығында болады. Елдің оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +30…+38 °C шамасында сақталады.












