2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуат іске қосылады
Энергетика министрлігі елді сенімді әрі үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету, генерациялау қуаттарын ұлғайту және қажетті электр энергиясы резервін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Сонымен қатар жалпы қуаты 570 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру жоспарлануда. Олардың қатарында Алматы облысындағы қуаты 100 МВт күн электр стансасы, Қызылорда облысындағы жалпы қуаты 70 МВт болатын үш күн электр стансасы, Ақтөбе облысындағы әрқайсысының қуаты 100 МВт болатын екі жел электр стансасы, Қызылорда облысындағы қуаты 50 МВт жел электр стансасы, Түркістан облысындағы қуаты 50 МВт жел электр стансасы және Абай облысындағы жалпы қуаты 100 МВт болатын екі жел электр стансасы бар.
Жаңа қуаттарды іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанында елдің электр энергиясына деген қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді. 2027 жылдың соңына қарай электр энергиясының шамамен 1,3 млрд кВт·сағ көлемінде профициті қалыптасады деп күтілуде.
Айта кетейік, 2026 жылы Қазақстанда шамамен 2,6 ГВт жаңа энергетикалық қуатты іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда, төрт газ электр стансасын іске қосу, қолданыстағы екі электр стансасын кеңейту, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінің 10 жаңа нысанын іске қосу көзделген.













