«Таза Қазақстан»: Заң мен тәртіп – тазалықтан басталады

Іс-шараның негізгі мақсаты – қала және елді мекендер аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау, аулаларда абаттандыру қағидаларының бұзылуының алдын алу және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.
Полиция қызметкерлері аумақтарды аралап, тұрғындарға абаттандыру талаптарын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау және қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және анықталған фактілер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдауға басымдық берілуде.
Тазалық пен қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ міндет. Әр азамат өз ауласы мен қоршаған ортасының тазалығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Заң мен тәртіп – таза әрі қауіпсіз ортаның кепілі!
«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік, ортақ тәртіп!














