Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ChatGPT туралы 2012 жылғы жұмбақ жазба жұртты таңғалдырды

ChatGPT туралы 2012 жылғы жұмбақ жазба жұртты таңғалдырды

Әлеуметтік желі қолданушылары Х платформасынан 2012 жылы жарияланған, «ChatGPT-ті тоқтатуға» шақыратын жазба тауып алды. Бұл ерекше жазба қызу талқылауға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Vm.ru басылымының дерегінше, жазба 2012 жылғы 5 қазанда Meytrullers17 деген лақап атпен тіркелген қолданушының парақшасында жарияланған. Белгілі болғандай, бұл аккаунт Индонезияда тұратын қызға тиесілі.
Қызығы сол, ChatGPT нейрожелісінің алғашқы нұсқасын оны әзірлеген Сэм Альтманның компаниясы OpenAI тек 2022 жылы, яғни Х әлеуметтік желісіндегі (ол кезде Twitter деп аталған) бұл жазба жарияланғаннан кейін 10 жыл өткен соң таныстырды.
Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі болжамдар айтып жатыр. Желі қолданушылары мұны жасанды интеллектіні әзірлеуге қатысқан адамдардың алдын ала қалдырған ескертуі болуы мүмкін деп топшылайды.
Алайда мұнда бір маңызды жайт бар.
Жазбада әлеуметтік желі атауы бас әріппен емес, кіші әріппен жазылған және сөздер арасына бос орын қойылған: "Stop chat gpt!!". Индонезия тілінде GPT сөзінің қысқартылған нұсқасы "ga penting" деген сөз тіркесін білдіруі мүмкін. Оның мағынасы – "мағынасыз" немесе "керексіз" дегенге жақын.
Сондықтан бұл жазбаны "ChatGPT-ті тоқтатыңдар!" емес, "Спам жіберуді тоқтатыңдар!" деп түсіндіруге болады.
Аккаунт иесі ескі жазбасына қатысты пікір білдірмеген. Алайда оның жарияланымы 120 мыңнан астам лайк және 2 мыңнан астам пікір жинаған.
Бұған дейін ер адамның алимент төлемеу үшін ChatGPT-ден өз ұлын өлтіруге көмектесуін сұрағаны туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ АҚШ-тың Массачусетс штатында 17 жастағы жасөспірім анасы мен інісін өлтірді деп айыпталған. Прокуратура мәліметінше, қайғылы оқиғаға дейін ол ChatGPT-мен ақылдасқан.




18 тамыз 2026 ж. 47 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31