Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі
Фото: pixabay.comАтмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды kazlenta.kz.
19–20 тамызда солтүстік облыстарда, 20 тамызда Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жаууы болжанады.
Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +30...+38°C-қа дейін көтеріліп, Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында +41°C-қа дейін жетеді.
Алматы облысында ірі көлік-логистикалық хаб ашылдыСемейде жаңа автокөлік көпірінің құрылысы қарқынды жүруде
Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасы +27...+35°C, Қостанай облысында +20...+30°C болады.
Солтүстік облыстарда күндіз ауа температурасының +17...+22°C-қа дейін төмендеуі күтіледі.
Еліміздің орталық және шығыс өңірлерінде күндіз ауа температурасы +18...+30°C-қа дейін төмендейді.
Қазақстанның оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +30...+37°C аралығында болады.














