Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық пен дауылды жел күтіледі

Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық пен дауылды жел күтіледі

Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық пен дауылды жел күтіледі
 Pixabay.com
«Қазгидромет» РМК 14-16 тамыз күндеріне бірқатар өңір бойынша дауылды ескерту жариялады.
Синоптиктер кей аймақтарда аптап ыстық күшейетінін, ал жекелеген облыстарда найзағай, бұршақ және секундына 15-20 метрге дейін жететін жел болатынын ескертті.
Аптап ыстық күшейеді
14 тамызда Түркістан облысында ауа температурасы 40-44 градусқа дейін көтеріліп, Шымкент қаласында 40-42 градус ыстық болады. Қызылорда облысында да күндіз ауа температурасы 40-41 градусқа дейін жетеді.
Алматы және Жетісу облыстарының жекелеген аудандарында 40-41 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі. Жамбыл облысында күндіз 38-40 градус ыстық болады.
Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде 40-41 градусқа дейін аптап ыстық сақталады. Шығыс Қазақстан облысында 35-38 градус, Ақмола облысында 35 градус, Қарағанды және Ұлытау облыстарында 35-37 градус ыстық болжанып отыр.
Жамбыл облысында найзағай мен қатты жел күтіледі
14 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы таулы аймақтарда секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Өңірде күндіз 38-40 градус қатты ыстық болады. Сонымен қатар төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанған.
Бірқатар өңірде дауыл болуы мүмкін
Алматы облысының кей аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жетісу облысының таулы жерлерінде де өткінші жаңбыр, найзағай болып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, өткінші жаңбыр және дауыл болжанған.
Батыс және солтүстік өңірлерде де ауа райы құбылмалы болады. Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жаңбыр, найзағай және күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыс Қазақстан облысының кей аудандарында да жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Өрт қаупі жоғары
Аптап ыстыққа байланысты еліміздің көптеген өңірінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Шымкент, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Абай және басқа да облыстарда төтенше немесе жоғары өрт қаупі жарияланған.
14 тамыз 2026 ж. 37 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31