Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанды аптап ыстықтың жаңа толқыны шарпиды: оңтүстікте +44°C

Қазақстанды аптап ыстықтың жаңа толқыны шарпиды: оңтүстікте +44°C

Тамыз айының ортасы жақындағанына қарамастан, аптап ыстық әлі де басылар емес. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 11-13 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің кейбір өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін.
11 тамыз, сейсенбі күні елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.
Қазақстанның орталығы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Күндіз елдің батысы мен орталығында ауа температурасы +27...+39°C, солтүстік-батысы мен солтүстігінде +25...+35°C-қа дейін көтеріледі. Шығыста және оңтүстік-шығыста +30...+42°C, ал оңтүстікте +37...+44°C ыстық болады.
Бұған дейін "Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы алты қаланың тұрғындарына ескерту жасаған еді.
10 тамыз 2026 ж. 33 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31