Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: istockphoto«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
4 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.









