Қазақстанда жаңа теміржол желісі пайда болады
Батыс Қазақстан облысында Индербор мен Орал арасында жаңа теміржол желісін салу перспективалары талқыланды. Бұл туралы Көлік министрлігі мен облыс әкімдігінің жиналысында айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz 24KZ арнасына сілтеме жасап.
Жобаны іске асыру облыс орталығына тікелей қол жеткізуді қамтамасыз етеді және аймақтық көлік байланысын жақсартады.
Жауапты ұйымдарға жобаны егжей-тегжейлі әзірлеуді жалғастыру және оны одан әрі іске асыру бойынша ұсыныстар дайындау тапсырылды. Атырау-Орал тасжолын жөндеуге ерекше назар аударылды.
Биыл жалпы ұзындығы 180 шақырым болатын учаскелерде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ республикалық және жергілікті жолдарды дамыту, көлік өткізу пункттерін жаңғырту және шекара инфрақұрылымы талқыланды. Мердігерлерге жұмыс қарқынын жеделдету, мерзімдерді сақтау және құрылыс сапасын қамтамасыз ету тапсырылды.











