Жаңбыр, найзағай: 2 тамызға арналған ауа райы болжамы
2 тамызда Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық сақталып, бірқатар өңірде жаңбыр мен найзағай болады

Фото: © istockphoto.com

Фото: © istockphoto.com
2 тамызда Қазақстан қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аптап ыстық сақталса, күндізгі ең төмен температура Қостанайда күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Петропавлда құбылмалы бұлтты ауа райы, жаңбыр мен найзағай болжанады. Күндіз ауа температурасы +27…+29 градус, түнде +17…+19 градус болады.
Қостанайда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +21…+23 градус, түнде +13…+15 градус күтіледі.
Көкшетауда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз ауа температурасы +27…+29 градус, түнде +17…+19 градус болады.
Павлодарда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз ауа +32…+34 градусқа дейін жылынса, түнде +23…+25 градус болады.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр мен найзағай болжанады. Күндіз +30…+32 градус, түнде +19…+21 градус болады.
Жезқазғанда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +31…+33 градус, түнде +20…+22 градус болады.
Өскеменде жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +33…+35 градус, түнде +17…+19 градус болады.
Семейде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін көтерілсе, түнде +20…+22 градус болады.
Оралда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз +28…+30 градус, түнде +13…+15 градус болады.
Атырауда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз ауа +31…+33 градусқа дейін жылынса, түнде +18…+20 градус болады.
Ақтөбеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Күндіз +24…+26 градус, түнде +15…+17 градус болады.
Ақтауда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз ауа температурасы +29…+31 градус, түнде +22…+24 градус болады.
Тараз, Шымкент, Қонаев және Алматы қалаларында аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы +37…+39 градусқа дейін көтеріледі, жауын-шашын күтілмейді.
Түркістанда да ыстық әрі құрғақ ауа райы болады. Күндіз +35…+37 градус, түнде +20…+22 градус болады.
Қызылордада жауын-шашын болжанбайды, алайда күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +36…+38 градус, түнде +21…+23 градус болады.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз +35…+37 градус, түнде +18…+20 градус болады.
Астанада өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз ауа температурасы +31…+33 градус, түнде +20…+22 градус болады.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 2 тамызда дауылды ескерту жариялаған болатын.














