Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда аптап ыстық сақталады: 1 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда аптап ыстық сақталады: 1 тамызға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады. Оңтүстікте ауа температурасы +43 градусқа дейін көтерілсе, солтүстік пен орталықтың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Қазақстанда аптап ыстық сақталады: 1 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: © istockphoto.com
Қазақстанның басым бөлігінде 1 тамыз күні ыстық әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік, орталық және солтүстік-батыс өңірлердің кей жерлерінде ғана жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты болады. Күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +35...+37 градус.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +35...+37 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +39...+41 градус.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +28...+30 градус.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +30...+32 градус.
Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +32...+34 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +36...+38 градус.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +34...+36 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +30...+32 градус.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +37...+39 градус.
Қостанайда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27 градус.
Қызылордада ашық ауа райы болады. Ауа температурасы түнде +25...+27, күндіз +40...+42 градус.
Павлодарда құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +34...+36 градус.
Петропавлда бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +29...+31 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +33...+35 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +34...+36 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +36...+38 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +25...+27, күндіз +41...+43 градус.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +25...+27 градус.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус.



01 тамыз 2026 ж. 55 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31