Каспий теңізінде жер сілкінді
Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.
Фото: Pixabay
Фото: PixabayКаспий теңізінде магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әзербайжан Республикасының Сейсмологиялық қызмет республикалық орталығының Жер сілкіністерін зерттеу бюросының мәліметінше, жерасты дүмпулері 26 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 03:04-те тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жарияланған жоқ.









