Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін “Алтын допқа“ басты үміткерлер аталды

2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін “Алтын допқа“ басты үміткерлер аталды

2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін “Алтын допқа“ басты үміткерлер аталдыФото: ferdel99/depositphotos.com
Мюнхендік "Бавария" мен Англия құрамасының шабуылшысы Гарри Кейн 2025/2026 жылғы маусымның қорытындысы бойынша әлемнің үздік футболшысы деп танылып, "Алтын доп" иегері атануы мүмкін. Рейтинг 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейінгі букмекерлік коэффициенттер негізінде жасалды, - деп хабарлайды Tengri Sport тілшісі Squawka басылымына сілтеме жасап.
Платформа мәліметінше, Испанияның мундиалдағы жеңісінен кейін "Барселона" вингері Ламин Ямальдың марапатты алу ықтималдығы 33 пайызға дейін өсті.
Фавориттер тізімінде үшінші орынға 22 пайыз көрсеткішпен Испания құрамасы мен "Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Родри көтерілді.

2026 жылғы "Алтын допқа" басты 5 үміткер

1. Гарри Кейн ("Бавария", Англия) - 40 пайыз.
2. Ламин Ямаль ("Барселона", Испания) - 33 пайыз.
3. Родри ("Манчестер Сити", Испания) - 22 пайыз.
4. Килиан Мбаппе ("Реал Мадрид", Франция) - 17 пайыз.
5. Лионель Месси ("Интер Майами", Аргентина) - 9 пайыз.

"Алтын доп" сыйлығы

Еске салайық, "Алтын доп" сыйлығы 1956 жылдан бері беріліп келеді және оның марапаттау критерийлері өзгеріп отырды. Бастапқыда France Football журналистері бұл марапатты тек еуропалық үздік футболшыға берсе, 1995 жылдан бастап барлық елдің ойыншыларын ұсына бастады.
Дауыс беру нәтижелерін анықтайтын қазылар алқасына УЕФА мен ФИФА-ға мүше елдердің өкілдері енді.
2022 жылға дейін ФИФА құрамына кіретін әрбір федерацияның дауыс беру құқығы болса, 2022 жылдан бастап тек әлемдік рейтингтің үздік 100 елінің өкілдері дауыс береді. Осылайша, Қазақстан жеңімпазды таңдау құқығынан айырылды, өйткені біздің құрама 111-орында тұр.
Биыл бұл марапат 70 жылдық мерейтойына орай 26 қазанда Лондонда табысталады.


26 шілде 2026 ж. 50 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031