Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Windows-тың пираттық нұсқаларын қолдану қиындайды: Microsoft жаңа қорғаныс жүйесін енгізеді

Windows-тың пираттық нұсқаларын қолдану қиындайды: Microsoft жаңа қорғаныс жүйесін енгізеді

Фото: pexels.com
Microsoft компаниясы Windows жүйесін заңсыз белсендірудің жолын қиындататын жаңа қауіпсіздік механизмін енгізуді жоспарлап отыр. Компания бұдан былай Trusted Platform Module (TPM) аппараттық қауіпсіздік чипін пайдаланып, Windows-ты пираттық жолмен іске қосудың алдын алмақ.
Techspot мәліметінше, жаңа жүйе Key Management Service (KMS) қызметіне енгізіледі. Бұл қызметті ірі ұйымдар бірден көп компьютердегі Windows пен Office өнімдерін лицензиялау үшін пайдаланады.
Осы уақытқа дейін пираттар жалған KMS серверлерін жасап, Windows пен Office-ті ресми лицензиясыз белсендіре алатын. Microsoft енгізетін TPM-аттестациясы мұндай тәсілдерді тоқтатуды көздейді.
Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?
  • TPM чипі KMS серверінің аппараттық сәйкестендіргішін тексеріп, оның Microsoft растаған заңды сервер екенін анықтайды;
  • сервердің бағдарламалық жасақтамасы бұзылмағанын және өзгертілмегенін тексереді;
  • тек осы тексерулерден өткен серверлер ғана Windows-ты жаппай белсендіре алады.
Бұл талап 2026 жылдың тамызынан бастап Windows Server-дің жаңа нұсқаларында міндетті болады.
Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгеріс интернеттегі үшінші тарап KMS серверлері арқылы Windows-ты заңсыз белсендіру тәсілдеріне айтарлықтай соққы беруі мүмкін. Дегенмен тәуелсіз әзірлеушілер жаңа қорғанысты айналып өтудің жолдарын іздеуді жалғастырып жатыр.
Microsoft компаниясы ұйымдарға жаңа талаптар күшіне енбей тұрып, өздерінің IT-инфрақұрылымын TPM қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеруге кеңес берді.
26 шілде 2026 ж. 47 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031