Бір айда мыңнан аса әрекет тіркелді: Қазақстаннан жанармайды заңсыз шығару тыйылмай тұр
pixabayБір айға жетпейтін уақыт ішінде Қазақстаннан мұнай өнімдерін заңсыз алып шығуға жасалған әрекеттер саны 1,3 мыңнан асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тонналап тасылып жатыр
ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 1–21 шілде аралығында өткізу бекеттерінде жанар-жағармайды заңсыз әкетуге қатысты 1342 әрекет тіркелген.
Елден шығарылмақ болған мұнай өнімдерінің жалпы көлемі 112 тоннадан асқан.
Бензин, дизель отыны және басқа да жанармай түрлерін заңсыз алып өтпек болғандар жауапқа тартылды.
ҰҚК өкілдері жанар-жағармайды заңсыз экспорттауға тосқауыл қою елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында қытайлықтардың жасырын жанармай бактары орнатылған көліктермен 2,6 мың литрден астам дизель отынын заңсыз алып өтпек болғаны хабарланған еді.
Жанармай тәркіленіп, шетелдіктерге айыппұл салынды.












