Бүгін қай қалада ауа сапасы төмендейді
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Фото: pexels.com
Фото: pexels.com«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
23 шілдеде Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.









