Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 617 ұйым лицензия алды

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 617 ұйым лицензия алды

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды міндетті мемлекеттік лицензиялаудың өтпелі кезеңі аяқталуға жақын. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елде мұндай қызмет көрсететін 617 ұйым мемлекеттік лицензия алған.

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 617 ұйым лицензия алды
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды міндетті лицензиялау 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Оның негізгі мақсаты — әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ заңнамада белгіленген бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
Лицензиялау барысында ұйымдардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Атап айтқанда, қауіпсіздік талаптарының орындалуы, ғимараттардың мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімділігі және қызмет көрсету жағдайларының белгіленген стандарттарға сай болуы бағаланады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, лицензия алған ұйымдардың 451-і — коммуналдық мемлекеттік мекеме, ал 166-сы — үкіметтік емес сектор ұйымдары.
Қазіргі таңда Қазақстанда 104 мыңға жуық адам арнаулы әлеуметтік қызметтерді пайдаланып отыр. Олардың қатарында қарттар, мүгедектігі бар адамдар, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ азаматтар, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандары, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация есебінде тұрған адамдар бар.
Ең көп сұранысқа ие қызмет түрі — үйде көрсетілетін әлеуметтік қызмет. Бүгінде мұндай көмекті 60 мыңнан астам адам алып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Астанада әлеуметтік қызмет көрсету көлемі 3,2% артқанын хабарлағанбыз.
23 шілде 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031