Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн ыстықта жағдайыңыз нашарласа, жұмыстан демалыс ала аласыз: Заңгер түсіндірді

Күн ыстықта жағдайыңыз нашарласа, жұмыстан демалыс ала аласыз: Заңгер түсіндірді

Алдағы күндері аптап ыстық қайтадан басталады.
Фото:
istockphoto.com
Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері Иран аумағынан жылы әрі құрғақ ауа массалары келе бастайды. Салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жекелеген аудандарда аптап ыстық +40…+44 градусқа дейін көтеріледі. Аптап ыстықта денсаулық жағдайыңыз нашарласа, жұмыс орныңыздан заңды түрде демалыс ала аласыз. Заңгер Арыс Данагатов мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заңгер түсіндірмесі
Заңгердің сөзінше, Еңбек кодексінің 87-бабында демалыс күндерінің түрлері көрсетілген.
Соның арасында «әлеуметтік демалыс» деген түрі бар. Яғни бір жылдың ішінде 3 күн жұмыс орныңыздан әлеуметтік демалыс алуға құқылысыз, - дейді заңгер.
Арыс Данагатовтың сөзінше, жұмыс берушінің сізге әлеуметтік демалыс бермеуі заңсыздық болып саналады. Сізге демалыстың бұл түрін алуға тыйым салынған жағдайда еңбек инспекциясына арыздануға болады.
Әлеуметтік демалыс скринингтік тексерулерден өту, балаларды күту, жұмыстан үзіліссіз білім алу және басқа да әлеуметтік мақсаттар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қызметкерді белгілі бір мерзімге жұмыстан босату, - дейді маман.

Еңбек кодексі
ҚР Еңбек кодексiнің 87-бабы бойынша, демалыстың мынандай түрлері бар:
1) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары;
2) әлеуметтік демалыстар.
Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскердің тынығуына, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және жұмыскердің өзге де жеке қажеттіліктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.
Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының мынадай түрлері беріледі:
1) жыл сайынғы негізгі ақы төленетін еңбек демалысы;
2) жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы.
Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, скринингтік зерттеулерден өтуге, балалар күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.
Жұмыскерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері беріледі: жалақы сақталмайтын демалыс, оқу демалысы, жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс, бір жыл ішінде үш жұмыс күнінен аспайтын көлемде скринингтік зерттеулерден өтуге арналған демалыс, кемінде үш жұмыс күні көлемінде он екі аптаға дейін жүктілігі бойынша медициналық есепке қоюға арналған демалыс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әлеуметтік демалыста болған кезең еңбек өтіліне есептеледі. Демалыс беру жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
Еске салайық, бұған дейін шипажайға тегін жолдама берілетіні, қай өңірде қандай жеңілдік бар екені хабарланды.
22 шілде 2026 ж. 26 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031