Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Креативті индустрияға жататын қызмет түрлерінің саны 53-ке жетті

Креативті индустрияға жататын қызмет түрлерінің саны 53-ке жетті

креатив
Коллаж: Kazinform/ Nano Banana
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Мәдениет және ақпарат министрлігі креативті индустрияны дамыту және саланы мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру жұмыстарын жалғастырып келеді.
— Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде креативті индустрияға кіретін экономикалық қызмет түрлерінің (ЭҚЖЖ) саны 43-тен 53-ке дейін ұлғайды, — делінген министрлік хабарламасында.
Тізімге мынадай қызмет түрлері енгізілді:
•«Веб-порталдар қызметі»;
•«Радиохабар тарату»;
• «Мәдениет саласындағы білім беру»;
• «Жарнама агенттіктерінің қызметі»;
• «Кітап басып шығару»;
• «Өзге де баспа қызметі»;
• «Кинофильмдер, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды тарату қызметі»;
• «Кинофильмдерді көрсету қызметі»;
• «Өзге де полиграфиялық өндіріс»;
• «Тығыннан, сабаннан және өруге арналған материалдардан бұйымдар өндіру».
Ведомствоның мәліметінше, тізімнің кеңеюі креативті индустрия субъектілерінің аясын нақты айқындауға, олардың мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануына жол ашуға, саланың ашықтығын арттыруға әрі шығармашылық кәсіпкерліктің дамуына қосымша серпін беруге мүмкіндік береді.
Бұдан бұрын креативті индустрияға арналған QazaqCreative платформасы іске қосылғанын жазған едік.


20 шілде 2026 ж. 51 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031