Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 20 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады

20 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 20 шілдеде елдің қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, түнде облыстың орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35 градус, облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Семейде таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде15-20, екпіні 25 м/с. Өскеменде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Павлодарда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың батысында қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде түнде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40-44 градус қатты ыстық күтіледі. 20 шілдеде облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 20 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 42-44 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың қиыр оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.
Астанада күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.
19 шілде 2026 ж. 177 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031