Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда ауқымды блэкаут болды

Қырғызстанда ауқымды блэкаут болды

Фото: depositphotos.com
Қырғызстанда электр қуаты өшіп қалды. Бішкек пен елдің бірнеше өңірі жарықсыз қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kg-ке сілтеме жасап.
Тұрғындардың айтуынша, электр қуатындағы іркіліс ел астанасына, сондай-ақ Шу, Ыстықкөл, Нарын және басқа да облыстардағы елдімекендерге әсер еткен.
Электр қуатының сөнуіне байланысты Бішкектің жекелеген аудандарында суық және ыстық су беру тоқтатылды. Сондай-ақ тұрғындар бағдаршамдар жұмыс істемей тұрғаны, байланыстағы іркіліс пен лифтілердің тоқтап қалғаны туралы хабарлады.
"Қырғызстан ұлттық электр желісі" (ҰЭЖ) ААҚ кернеуі 220 киловольт екі жоғары вольтты электр беру желісінің апат жағдайда сөнуі блэкаутқа себеп болғанын хабарлады. Компания мәліметінше, Қара-Балта - Басты және Басты - Шу желілері апат жағдайында ажыратылған.
Нәтижесінде жүктемені ажырату жүйесі автоматты түрде іске қосылып, бұл электрмен жабдықтаудағы іркіліске әкеп соқты. Қазіргі уақытта ҰЭЖ мамандары электр қуатын кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Технологиялық ақау себебі анықталып жатыр.

17 шілде 2026 ж. 168 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930