45-46 градус қатты ыстық күтіледі
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер жарияланды.

Астана қаласында, Ақмола, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл күтіледі.
Астана қаласында күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +37...+39°C.
Алматы қаласында күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +32...+34°C.
Шымкент қаласында солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
16 шілдеде Түркістан облысында күндіз 45-46 градус өте қатты ыстық күтіледі.










