Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында қола медаль алды

Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында қола медаль алды

Ол мәреге 1 сағат 41 минут 26 секундта жетті
Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында қола медаль алды
Фото: ҰОК
Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

20 шақырымдық спорттық жүрісте үздік үштікке енді

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте үшінші орын алды. Ол мәреге 1 сағат 41 минут 26 секундта жетті.
Алтын және күміс медальды Қытай спортшылары иеленді. Нин Цзиньлинь 1:38:24 нәтижесімен жеңімпаз атанса, Доу Маоцо 1:39:01 көрсеткішімен екінші орын алды.
Қазақстандық тағы бір спортшы Эльмира Калимуллина бесінші орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасында үш медаль бар

Осылайша, Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы жүлде саны үшке жетті.
Бұған дейін Анастасия Рыпакова күміс медаль жеңіп алса, Максим Балабин сырықпен секіруден қола жүлдегер атанған еді.



12 шілде 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031