Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зерттеу: қазақстандықтардың басым бөлігі өз өміріне риза және алдағы кезеңнен жақсылық күтеді

Зерттеу: қазақстандықтардың басым бөлігі өз өміріне риза және алдағы кезеңнен жақсылық күтеді

3,4%-ы өз өміріне онша риза еместігін, 1,1%-ы мүлде риза еместігін мәлімдеді
Зерттеу: қазақстандықтардың басым бөлігі өз өміріне риза және алдағы кезеңнен жақсылық күтеді
Фото:
istockphoto.com
Қазақстандықтардың басым көпшілігі өз өміріне риза және болашаққа сеніммен қарайды. Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) тапсырысымен өткен ауқымды әлеуметтанулық сауалнаманың нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
DATAmetrics компаниясы халықтың әлеуметтік көңіл-күйін сипаттайтын әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынады. Бұл деректер азаматтардың өмір сапасына берген бағасын, отбасының материалдық жағдайындағы өзгерістер мен болашаққа деген деген сенім деңгейін қамтыған. Бұл мәліметтер Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2026 жылғы 13 маусым мен 2 шілде аралығында жүргізілген әлеуметтану зерттеуінің нәтижесінде анықталды.
«Бетпе-бет сұхбат («face-to-face») әдісімен жүргізілген сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 тұрғын қатысты. Халықтың әлеуметтік көңіл-күйі адамдардың өз өміріне, материалдық жағдайына және болашаққа деген сенім деңгейіне қандай баға беретіні арқылы анықталады. Зерттеу нәтижелері осы көрсеткіштердің барлығы бойынша респонденттердің жауаптарында оң көзқарас басым екенін көрсетті. Ең жоғары көрсеткіш өмірге ризалық деңгейі бойынша тіркелген. Сауалнамаға қатысушылардың 63,3%-ы өз өміріне толық риза екенін айтса, тағы 31,9%-ы көп жағдайда қанағат білдіреді. Осылайша, респонденттердің 95,2%-ы өз өміріне оң баға береді. Ал 3,4%-ы өз өміріне онша риза еместігін, 1,1%-ы мүлде риза еместігін мәлімдеді», – делінген хабарламада.
Зерттеу материалында өз өміріне берілген оң баға отбасының материалдық жағдайын қабылдау деңгейінен де көрініс табатыны айтылды. Зерттеуге қатысушылардың үштен екісінен көбі (67,6%) отбасыларының материалдық жағдайы соңғы жылда жақсарғанын айтқан. Оның ішінде 29,8%-ы жағдайы айтарлықтай жақсарғанын, ал 37,8%-ы белгілі бір деңгейде жақсарғанын атап өтті.
Респонденттердің 25,5%-ы отбасының материалдық жағдайы өзгермегенін айтса, 6,6%-ы нашарлай түсті деп санайды.
«Азаматтардың бүгінгі күнге берген бағасы болашаққа деген үміт деңгейіне әсер етеді. Зерттеудің қорытындылары бойынша, сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі өз отбасының келешегіне сеніммен қарайды. Мысалы, он респонденттің шамамен сегізі (78,6%) бір жылдан кейін бүгінгі күннен жақсырақ өмір сүретініне сенеді. Оның ішінде 45,0%-ы өз жағдайы айтарлықтай жақсарады деп үміттенсе, тағы 33,6%-ы белгілі бір деңгейде жақсаратынына үмітті. Сондай-ақ 15,9%-ы өз отбасының тұрмыс деңгейі өзгеріссіз қалады деп есептейді. Ал, респонденттердің 3,4%-ы өз жағдайы нашарлауы мүмкін деп санайтынын айтқан. Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің негізгі көрсеткіштері бойынша оң бағалаудың басым екенін көрсетеді. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі өз өміріне риза, отбасының материалдық жағдайындағы өзгерістерді оң бағалайды және алдағы уақытта тұрмыс жағдайының жақсаратынына сенім білдіреді», – делінген зерттеу материалында.
Айта кетерлігі, іріктеу Қазақстан Республикасы халқының негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына, атап айтқанда тұрғылықты жерінің түріне (қала/ауыл), жынысы мен жасына қарай репрезентативті. Сенімділік ықтималдығы 95% болған жағдайда іріктеменің статистикалық қателік шегі ±1,1%-дан құрайды.
DATAmetrics компаниясы бұл зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 3 шілдедегі № ОСК-11-07/ЗТ-К-29 хабарламасы негізінде жариялап отыр.


10 шілде 2026 ж. 37 0

Адам саудасына жол жоқ!

09 шілде 2026 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031