Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде шетелден алма әкелуге тыйым салынды

Елімізде шетелден алма әкелуге тыйым салынды

Құжатты Ауыл шарушылығы министрлігі әзірлеген.
Фото: ЖИ
Ашық НҚА порталында "Қазақстан Республикасының аумағына алма әкелуге тыйым салуды енгізу туралы бұйрық мәтіні жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Бұйрық жобасында алманың транзиттік тасымалдарын, сондай-ақ оның ҚР аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына орын ауыстыруын қоспағанда, үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден автомобиль, су және теміржол көлігімен ҚР аумағына алманы (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 0808 10) әкелуге 2026 жылғы 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде тыйым салу көзделген, – делінген бұйрықта.
Бұл жобаның мақсаты – отандық өндірушілерді қолдау және өнімнің тұрақты өткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ, оның теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарлары болмайды.
Құжат қоғамдық талқылау үшін порталға 8 шілдеге дейін салынды.
Демек, бұйрық қабылданған жағдайда биылғы 1 тамыздан жыл соңына дейін елімізге алма импортталмайды.
07 шілде 2026 ж. 148 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31