Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аптап ыстық басылар емес: 7 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Аптап ыстық басылар емес: 7 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның бір бөлігінде 41 градусқа дейін ыстық сақталса, өзге өңірлерде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі
Аптап ыстық басылар емес: 7 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото:
© istockphoto.com
7 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық әрі жауын-шашынсыз болады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +39 градусқа дейін көтеріледі. Тек солтүстік, солтүстік-шығыс және батыстың кей өңірлерінде өткінші жаңбыр мен найзағай болжанып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +30...+32 градус болады.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +19...+21, күндіз +31...+33 градус.
Шымкентте жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +35...+37 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтөбеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +20...+22, күндіз +32...+34 градус.
Ақтауда жауын-шашынсыз, түнде +21...+23, күндіз +33...+35 градус.
Атырауда жауын-шашын күтілмейді, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы +34...+36 градус.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз, күндіз +33...+35 градус.
Қарағандыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +15...+17, күндіз +27...+29 градус.
Көкшетауда жауын-шашынсыз. Күндіз ауа +30...+32 градусқа дейін жылынады.
Қонаевта күн ашық, күндіз +31...+33 градус.
Қостанайда жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +30...+32 градус.
Қызылордада аптап ыстық сақталады. Түнде +22...+27, күндіз +37...+39 градус.
Павлодарда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Температура +28...+30 градус.
Петропавлда жауын-шашынсыз, күндіз +30...+32 градус.
Семейде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз +27...+29 градус.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы +33...+35 градус.
Таразда күн ашық, күндіз +35...+37 градус.
Түркістанда жауын-шашынсыз. Күндіз +35...+37 градус.
Оралда түнде өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +29...+31 градус болады.
Өскеменде жауын-шашынсыз, күндіз +28...+30 градус күтіледі.



07 шілде 2026 ж. 192 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31