Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияда магнитудасы 6,9 болатын жер сілкінісі тіркелді

Жапонияда магнитудасы 6,9 болатын жер сілкінісі тіркелді

Жапонияда магнитудасы 6,9 болатын жер сілкінісі тіркелді
istockphoto
Жапонияда бүгін магнитудасы 6,9 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шетелдік БАҚ пен сейсмологиялық қызметтердің мәліметінше, жерасты дүмпуі елдің солтүстік-шығыс бөлігіндегі Хонсю аралының шығыс жағалауына жақын жерде болған. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 50 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жапония метеорологиялық агенттігі (JMA) мен АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) жер сілкінісінің күшін растады. Алдын ала ақпарат бойынша, цунами қаупі жарияланған жоқ.
Жерасты дүмпуі Токио қаласында да сезілген. Қауіпсіздік шаралары аясында елдің солтүстік-шығыс өңірлерінде жоғары жылдамдықты пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылып, тексеру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен ауқымды қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Жапония билігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және ықтимал қайталама дүмпулерге байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырды.


25 маусым 2026 ж. 158 0

Қазақтың келіндері

25 тамыз 2026 ж. 44

Алданазар бидің шешімі

25 тамыз 2026 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31