Қазақстанның байланыстырушы рөлі экономикалық қуатпен нығаюда
Фото: https://inbusiness.kz/kz/last/ekonomikanyn-nakty-sektory-damudyn-drajverine-ajnalyp-keledi-aset-ergalievБұл байланыстырушы рөл экономикалық әлеуетпен де бекемделуде. 2025 жылы Қазақстан экономикасы 6,5 пайызға өсіп, жалпы ішкі өнім көлемі 306 миллиард АҚШ долларына жетті.
Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, 2026 жылы ЖІӨ көлемі 360 миллиард доллардан асады деп күтілуде.
Ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан – Еуразияның қақ ортасындағы Еуропа үшін сенімді әрі қуатты серіктес.
Әрбір саяхатшы түсінеді: жол неғұрлым белгісіз болса, сенімді серіктердің маңызы соғұрлым жоғары болады.
Әлемдегі белгісіздік күшейген сайын Қазақстан мен Еуропа дәл осындай серіктерге айналып келеді. Халықаралық ынтымақтастықтағы біздің теңгерімді, прагматикалық әрі сындарлы ұстанымымыз өзгеріссіз қалады.
Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысына адалмыз. Диалог пен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуді қолдаймыз. Барлық мәселеде пікіріміз бірдей болмауы мүмкін, бірақ біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз.









