Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отырып жұмыс істейтіндер күніне қанша қадам жүру керек екені белгілі болды

Отырып жұмыс істейтіндер күніне қанша қадам жүру керек екені белгілі болды

Фото_ Depositphotos күніне 7 мың қадам жүру
Фото: Depositphotos

Сидней университетінің халықаралық зерттеушілер тобы отырықшы өмір салтын ұстанатын адамдар үшін күнделікті қанша қадам жүру керек екенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күніне 9 000-10 000 қадам ұзақ уақыт отырғаннан кейінгі зиянды айтарлықтай өтей алатыны белгілі болды.
Зерттеуге Ұлыбританияның Biobank компаниясынан 72 174 ерікті қатысты. Олар білектеріне жеті жылға жуық уақыт бойы акселерометр тағып жүрді. Қатысушылар "жоғары" (күніне 10,6 сағаттан астам отыратын) және "төмен" отырықшы адамдарға бөлінді.
Көп уақыт отырып өткізетін, сонымен бірге күн сайын 9 000–10 000 қадам жасайтындардың арасында жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі аз жүретіндермен салыстырғанда 21%, ал өлім қаупі 39% төмендеді.
Сонымен қатар күніне 4 000-4 500 қадам ықтимал қорғаныс әсерінің 50%-ын қамтамасыз етеді. 2200 қадамнан асатын кез келген қозғалыс отырықшы уақытқа қарамастан, өлім мен жүрек ауруының қаупін азайтты.
"Күніне 9000-нан 10000-ға дейін қадам жасау отырықшы өмір салтын ұстанатын адамдарда өлім мен жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін оңтайлы түрде азайтады", – деді эпидемиолог Мэттью Ахмади.
21 маусым 2026 ж. 49 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930