Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміз жер-жаһандағы ТОП-50 ең бейбіт мемлекеттің қатарына енді

Еліміз жер-жаһандағы ТОП-50 ең бейбіт мемлекеттің қатарына енді

Жаңа рейтингті Экономика және бейбітшілік институты жариялап отыр. 
Еліміз жер-жаһандағы ТОП-50 ең бейбіт мемлекеттің қатарына енді
Фото: inbusiness.kz
Қазақстан 2026 жылғы Жаһандық бейбітшілік индексінде 44-орынға жайғасты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Жаза кетейік, Global Peace Index 2026 тізімінде еліміз өткен жылы 49-орында еді. Сарапшылар 163 тәуелсіз мемлекетті 23 критерий бойынша бағалаған. Олардың қатарында қылмыс деңгейі, ішкі қақтығыстар, қоғамдық қауіпсіздік және милитаризация дәрежесі бар.
Қазақстанның бейбітшілік индексі 1,771 балды көрсеткен, бұл елдің әлемдегі ең бейбіт 50 мемлекеттің қатарына енуіне мүмкіндік берді.
Орталық Азия елдері арасында Қазақстаннан жоғары орынға тек Өзбекстан орналасқан. Ол 1,726 индексімен 37-орынға көтеріліп, бірден 10 сатыға жоғарылады.
Қазақстаннан соң Тәжікстан 47-орынды (1,799) лайық көрсе, Қырғызстан 61-орынға (1,853) табан тіреген және Түрікменстан 66-орынға (1,903) жайғасты.
2026 жылғы әлемдік рейтингтің үздік үштігін Исландия (1,161), Жаңа Зеландия (1,343) және Швейцария (1,363) бастаған.
Тізімнің ең соңында Украина (160-орын) мен Ресей (163-орын) тұр.
19 маусым 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930