Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан әлемдік бейбітсүйгіштік рейтингінде бес сатыға көтерілді

Қазақстан әлемдік бейбітсүйгіштік рейтингінде бес сатыға көтерілді

Фото: pixabay.com
Маусым айында Халықаралық экономика және бейбітшілік институты 163 елді қамтыған "Ғаламдық бейбітшілік индексі" рейтингін жариялады. Елдер бейбітсүйгіштік деңгейіне қарай бес санатқа бөлінді: өте жоғары, жоғары, орташа, төмен және өте төмен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылғы рейтингте Қазақстан 56-орынды иеленді. Өткен жылы еліміз 59-орында тұрған болатын. Бірақ зерттеу авторлары Қазақстанның бес сатыға көтерілгенін атап өтеді. Мұндай айырмашылықтың себебі биыл 59-орынды бірден екі ел: Мадагаскар мен Босния және Герцеговина бөліскен.
Былтырғыдай Қазақстан Орталық Азиядағы ең бейбіт ел болып қалды. Биыл еліміз аймақта "жоғары бейбітсүйгіштік" деңгейіне ие жалғыз мемлекет ретінде танылды. Ал былтыр Орталық Азияның барлық елдері "орташа бейбітсүйгіштік" аймағында болған.
Жалпы әлемдік бейбітшілік рейтингі бойынша алғашқы үш орынды Исландия, Ирландия және Жаңа Зеландия иеленген. Ал соңғы үш орынды Судан, Украина және Ресей бөлісіп отыр. Айта кетейік, рейтинг Израиль мен Иран арасындағы зымыран соғысына дейін жасалған. Бұл тізімде Израиль 163 елдің ішінде 155-орында болса, Иран 142-орында тұр. Қазіргі қақтығыс жағдайында Иранның позициясы одан да төмен болуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Трамп Иран мен Израиль арасында “бейбітшілік орнатудағы” рөлі үшін Нобель сыйлығына ұсынылғанынжазған едік. Fox News-тің хабарлауынша, республикалық партия өкілі, конгрессмен Бадди Картер Дональд Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды. Оның айтуынша, АҚШ президенті Израиль мен Иран арасындағы қақтығысты реттеуде делдалдық жасап, "ерекше және тарихи рөл" атқарды. Картердің Нобель комитетіне жолдаған хатында Трамп "әлемдегі терроризмді қаржыландыратын ең ірі мемлекеттің" жойқын қаруға ие болуына жол бермеді деп жазылған.
25 маусым 2025 ж. 144 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30