Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ChatGPT-ден миллиардтаған теңге салық өндірілді

Қазақстанда ChatGPT-ден миллиардтаған теңге салық өндірілді

ЖИ арқылы жасалды
Фото: ЖИ арқылы жасалды
Қазақстанда салық органдары шетелдік интернет-компаниялардың салық міндеттемелерін тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықтады. Соның ішінде ChatGPT әзірлеушісі салық ретінде төленуі тиіс 1,8 млрд теңгені бюджетке тек салық органының ескертуінен кейін аударған.
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Цифрлық активтерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Талғат Әділов мәлімдеді.
77 компанияның қызметі тексерілген
Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 77 шетелдік интернет-компанияның салық міндеттемелерін орындауына қатысты сұрақтар туындаған.
Тексеру барысында кейбір платформалардың Қазақстанда шартты тіркеуден өтпегені анықталса, енді бірінде қазақстандық пайдаланушылардан түскен төлемдер көлемі мен төленген қосылған құн салығы (ҚҚС) арасында сәйкессіздік байқалған.
Талғат Әділовтің айтуынша, салық органдарының хабарламасынан кейін шамамен сегіз компания өз міндеттемелерін орындаған.
ChatGPT мен AliExpress қанша төледі?
Салық органдары анықтаған ең ірі берешектердің бірі ChatGPT әзірлеушісі OpenAI компаниясына тиесілі болған.
Ірі сомалар туралы айтатын болсақ, ChatGPT 2025 жыл үшін төленбей қалған 1,8 млрд теңге салықты қосымша аударды, – деді Талғат Әділов.
Ал тағы бір ірі төлеуші – AliExpress маркетплейсі. Камералдық бақылау нәтижесінде компания Қазақстан бюджетіне 600 млн теңгеден астам қаржы төлеген.
Салық қалай тексеріледі?
Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік интернет-платформалардың салық төлемдерін бақылау үшін екінші деңгейлі банктерден алынған мәліметтерді пайдаланады.
Салықшылар қазақстандықтардың шетелдік сервистерге жасаған төлемдерін компаниялардың мемлекетке аударған ҚҚС көлемімен салыстырады. Егер айырмашылық анықталса, компанияға ресми хабарлама жолданады.
OpenAI Қазақстанда тіркелген
2025 жылдың мамыр айында OpenAI компаниясы Қазақстанда цифрлық қызмет көрсететін шетелдік жеткізушілердің шартты тіркеу тізіміне енгізілді.
Бұл компанияның қазақстандық пайдаланушыларға көрсетілетін ақылы қызметтерден қосылған құн салығын төлеуге міндетті екенін білдіреді.
«Google салығы» қанша қаржы әкелді?
Қазақстанда халық арасында «Google салығы» аталып кеткен механизм 2022 жылдан бері жұмыс істейді. Ол шетелдік цифрлық сервистер мен интернет-платформалардың Қазақстан аумағында көрсеткен қызметтері үшін ҚҚС төлеуін көздейді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне сәйкес, 2026 жылдың наурыз айына дейін шетелдік интернет-компаниялар бюджетке жалпы көлемі 146,5 млрд теңге салық аударған. Оның 57,6 млрд теңгесі тек 2025 жылдың үлесіне тиесілі.
Тіркелмеген платформалар бұғатталуы мүмкін
2026 жылдан бастап Қазақстанда ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген немесе салық органдарының талаптарын орындамаған шетелдік интернет-платформаларға қатысты қатаң шаралар қолданылуы мүмкін.
Жаңа талаптарға сәйкес, мұндай компаниялардың қызметі ел аумағында шектеліп, тіпті бұғатталуы ықтимал.

18 маусым 2026 ж. 35 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930