Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туризмнен түскен табыс 5 трлн теңгеге жетті: сала қалай дамып жатыр

Туризмнен түскен табыс 5 трлн теңгеге жетті: сала қалай дамып жатыр

коллаж AI / El.kz
Фото: коллаж AI / El.kz
Соңғы жылдары елге келетін туристер саны артып, инфрақұрылым жаңарып, халықаралық рейтингтердегі позициясы жақсарды. Соның нәтижесінде Қазақстан әлемдік туристік бәсекеге қабілетті елдер қатарында 28 сатыға жоғарылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ranking.kz зерттеуінше, 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстандағы орналастыру орындары шамамен 2 миллион адамға қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің көлемі 69 млрд теңгеден асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға өсті. Қызметтердің нақты көлем индексі 104,5 пайызды құрап, туризм саласындағы белсенділіктің нақты артқанын дәлелдеді.
Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша еліміз ішінде саяхаттаған қазақстандықтардың саны 3,6 пайызға көбейді. Бұл азаматтардың отандық бағыттарға қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді.
Ішкі туризм тек демалыс мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, өңірлік экономиканың дамуына да ықпал етуде. Туристік нысандарға сұраныстың артуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік беріп отыр.
Алматы мен Астана көш басында
Өңірлер бойынша туристерді қабылдау көрсеткішінде Алматы қаласы көш бастап тұр. Биылғы жылдың алғашқы үш айында мұнда 472,9 мың адамға қызмет көрсетілген.
Екінші орында Астана қаласы орналасқан. Елордадағы орналастыру орындарының қызметін пайдаланғандар саны 352,2 мың адамды құрады. Ал алғашқы үштікті 161,1 мың келушімен Ақмола облысы түйіндеді.
Қазақстандықтар мен шетелдік қонақтардың курорттық бағыттарға қызығушылығы артып келеді. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша барлық туристердің шамамен 40 пайызы курорттық аймақтарды таңдаған.
El.kz
Абсолюттік мәнде бұл көрсеткіш 800 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл рекреациялық туризмнің маңызын және ел ішінде демалуға деген жоғары сұранысты көрсетеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет туризмді экономиканың маңызды салаларының бірі ретінде атап өткен болатын. Осы міндеттер аясында туристік инфрақұрылымның дамуы байқалады.
Қазір Қазақстанда 4,5 мыңнан астам орналастыру орны жұмыс істейді. Салада шамамен 31 мың адам еңбек етеді. Үш жыл бұрын елде 3,8 мың орналастыру орны ғана болғанын ескерсек, инфрақұрылымның айтарлықтай кеңейгенін көруге болады.
Бүгінде туризм тек демалыс саласы ғана емес, экономиканың маңызды секторына айналып отыр. Ол табыс әкеледі, жұмыс орындарын құрады және өңірлердің дамуына ықпал етеді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша туризмнің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңгеге жетті. Саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 3,1 пайызды құрады. Ал туризм индустриясында 600 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Шетелдік туристер ел қазынасына миллиардтаған доллар әкелуде
Туризмнің валюталық түсім қалыптастырудағы рөлі де артып келеді. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, шетелдік туристердің Қазақстандағы шығындары 2,9 млрд АҚШ долларын құраған.
Сонымен қатар туристік қызметтен түскен салық көлемі 18 пайызға өсіп, 630 млрд теңгеге жетті. Бұл туризмнің мемлекеттік бюджет кірістеріндегі үлесінің артып келе жатқанын көрсетеді.
Саланы дамыту үшін мемлекет пен бизнес бірлесіп ауқымды инвестициялар салуда.
2025 жылы туризм саласына тартылған инвестициялар көлемі 1,3 трлн теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 33 пайызға өсті. Ал мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік бағытына бөлінген бюджет қаражаты 1,2 трлн теңгені құрап, рекордтық деңгейге жетті.
2026 жылдың наурыз айында туризмді дамытуға бағытталған жаңа заңнамалық түзетулер қабылданды.
Олардың қатарында туристік автобустар үшін «жасыл дәліз» енгізу, визит-орталықтардың мәртебесін заң жүзінде бекіту және гидтер мен экскурсия жетекшілерінің қызметін реттеу шаралары бар. Бұл өзгерістер туристік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Балалар мен экотуризмге ерекше көңіл бөлінуде
Жаңа бастамалардың бірі – 18 жасқа дейінгі балалар үшін ұлттық парктерге кірудің тегін болуы.
Бұл шешім жастар арасында ішкі туризмді дамытуға, табиғи нысандарға қолжетімділікті арттыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Шетелдік туристерді тарту мақсатында визалық режим жеңілдетіліп, халықаралық әуе қатынасы кеңейтілуде.
Қазіргі уақытта Қазақстан 84 ел азаматтары үшін визасыз режим енгізген. Сонымен қатар электрондық виза әлемнің 102 мемлекетінің азаматтарына қолжетімді. Ел 30 мемлекетпен халықаралық әуе қатынасын орнатып, аптасына 626 халықаралық рейс қабылдайды.
El.kz
Қазақстанның туристік әлеуеті халықаралық ұйымдардың бағалауынан да көрініс табуда.
Дүниежүзілік экономикалық форумның Travel & Tourism Development Index рейтингінде Қазақстан 2019 жылғы 80-орыннан 2024 жылы 52-орынға көтерілді. Бес жыл ішінде еліміз өз позициясын 28 сатыға жақсартқан.
U.S. News & World Report рейтингінің «Туризм және мәдениет» санатында Қазақстан 2025 жылы 73-орынға ие болды. Бұл үш жыл бұрынғы көрсеткіштен 11 саты жоғары.
Сондай-ақ Қазақстан рейтингте Өзбекстаннан, Катардан, Бахрейннен, Тунистен және Вьетнамнан жоғары орын алды. Бұл еліміздің халықаралық туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің артқанын көрсетеді.
18 маусым 2026 ж. 36 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930