Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Картаңызға түскен ақша сізді қылмыскер етуі мүмкін бе?

Картаңызға түскен ақша сізді қылмыскер етуі мүмкін бе?

Заң бойынша қылмыс жасауға көмектескен адам қылмысқа қатысушы ретінде танылады.
©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Фото:BAQ.KZ архиві Артем Чурсинов
Бүгінде алаяқтардың арбауына түсіп, өздері де қылмыстық іске қатысушыға айналып жатқан азаматтардың саны артып келеді. Әсіресе интернет арқылы жылдам ақша табуды көздейтіндер немесе бейтаныс адамдардың өтінішіне сеніп қалатындар қауіп-қатерге жиі ұшырайды.
Мысалы, картаңызға белгісіз адам ақша аударып, оны басқа есепшотқа жіберуді сұраса, мұндай ұсыныстан бірден бас тартқан жөн. Өйткені сіз байқамай дропперге айналуыңыз мүмкін.
Дроппер деген кім?
Дроппер – алаяқтық жолмен алынған ақшаны өз банк картасы немесе есепшоты арқылы өткізіп, кейін оны басқа адамдарға немесе шоттарға жіберетін тұлға.
Кейбір азаматтар мұны оңай табыс табудың жолы деп қабылдайды. Алайда олар өз әрекетінің заң алдындағы салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескере бермейді.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, интернет-алаяқтар ұрланған қаражаттың ізін жасыру үшін үшінші тұлғалардың банк карталарын жиі пайдаланады. Нәтижесінде ақша қозғалысы дроппердің шоты арқылы өткендіктен, тергеу кезінде ең алдымен сол адамның әрекеті тексеріледі.
Заң не дейді?
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабына сәйкес, қылмыс жасауға көмектескен адам қылмысқа қатысушы ретінде танылады.
Ал егер азаматтың банк картасы немесе есепшоты арқылы алаяқтық жолмен алынған қаражат өткізілгені дәлелденсе, іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы – «Алаяқтық» бойынша қаралуы мүмкін.
Яғни адам өзі ешкімді алдамаған күннің өзінде, қылмыстық схемаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылу қаупі бар.
Азаматтар нені білуі керек?
Соңғы уақытта құқық қорғау органдары тұрғындарды банк картасын, есепшотын, ЖСН деректерін және мобильді банк қосымшасына қолжетімділікті бөтен адамдарға бермеуге бірнеше рет шақырып келеді.
Өйткені бір қарағанда зиянсыз көрінетін әрекет кейін қылмыстық іске ұласып, адам өз кінәсіздігін дәлелдеуге мәжбүр болуы мүмкін.
Сондықтан күмәнді ұсыныстардан бас тартып, жеке қаржылық деректеріңізді ешкімге бермеген жөн.

15 маусым 2026 ж. 273 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930